Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстар
25.02.2026
Көріністер: 165
2025 жылғы 25 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма жанындағы Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлеріне кездесу өткізді.
Кездесуде «Экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбы шеңберінде зайырлы мемлекеттегі адам құқықтары, экстремизм зияндықтары жайында отандық заңнама негіздері түсіндірілді. Сонымен қатар, деструктивті ағымдардан әлеуметтік желіде және қоғамдық ортада сақтандыру шаралары ақпараттандырылды. Кездесу барысында қатысушы қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, сұхбат жүргізілді.