Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ақпараттық хат!
09.10.2023
Көріністер:  855

«Қазақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ақпараттық хат!

Ағымдағы жылдың 10 қазаны Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған «Қазақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР ҰҚМ Философия, саясаттану және дінтану институты және Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты.

Бұл тақырыптың өзектілігі Түркияның Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болуымен байланысты. Екі республиканың қарым-қатынастары тек экономикалық, сауда-саттық және саяси өзара іс-қимыл негізінде ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық және тарихи-тұжырымдамалық қатынастарда да қалыптасады.

Бүгінгі таңда әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында Қазақстанға әріптестерімен ынтымақтастықты нығайту және арттыру қажет, олардың арасында Түркия Республикасы ерекше орын алады. Алдағы конференцияға белгілі саясаттанушылар, тарихшылар, экономистер мен шығыстанушылар, сондай-ақ Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері қатысады. Іс-шара барысында өзара стратегиялық қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Осыған орай, түрлі пікірлер, көзқарастар мен болжамдар жасалатын осы конференцияға Cізді де қатысуға шақырамыз.

1.         Іс-шараның өтетін күні, уақыты және орны

2023 жыл 10 қазан, Басталуы: сағат 11:00

Алматы қаласы, Философия, саясаттану және дінтану институты, конференц-зал, 317 кабинет.

2.         Байланыс мәліметтері:

050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 29, 3 қабат, Телефон: +7 (727) 272-01-00, +7 (727) 272-00-41, office@iph.kz

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

3.         Zoom конференциясына сілтеме:

https://us06web.zoom.us/j/81823682394?pwd=PYjg4c8qlONXny0aQaT64eLsdC2tZr.1

Конференция идентификаторы: 818 2368 2394

Байланысу коды: 109912


← Тізімге қайту