Ақпараттық қоғам және жасанды интеллект біздің күнделікті өмірімізді қалай өзгертіп жатыр?
27.07.2026
Көріністер: 5
Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары (А. Сағықызы, В.Ю. Дунаев, В.Д. Курганская) цифрландыру жағдайындағы күнделікті тәжірибенің трансформациясына арналған жаңа мақала жариялады. Зерттеу «Вопросы философии» журналының 2026 жылғы № 1 санында жарық көрді.
Мақалада ақпараттық қоғамның тұжырымдамалық модельдері, жасанды интеллект пен интернеттің біздің әдеттерімізге әсері, сондай-ақ «алгократия» (алгоритмдер билігі) және «қадағалау капитализмі» тәуекелдері терең талданған. Смартфондар мен цифрлық технологиялар біздің әлеуметтік тәжірибемізді, мәдени нормаларымызды және құндылықтар жүйесін қалай қалыптастыратынын (фреймдейтінін) түсінгісі келетіндер үшін өте өзекті еңбек.
Толығырақ оқу үшін:
???? DOI: 10.21146/0042-8744-2026-1-28-38