Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

КЕЗЕКТІ ДЕБАТ ӨТТІ
17.03.2023
Көріністер:  349

КЕЗЕКТІ ДЕБАТ ӨТТІ
КЕЗЕКТІ ДЕБАТ ӨТТІ

 

Нұркен Айтымбетов,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының

жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы

 

Бүгін 16.03 еліміздің Хабар телеарнасында кешкі сағат 20.00-де тікелей эфирде кезекті дебат өтті.

Дебат сайысына алдағы 19 наурыз күні өткелі отырған еліміз үшін ерекше маңызы бар саяси оқиға – Парламент мәжілісіне сайлауға қатысушы жеті саяси партияның (Байтақ, Respublica, НПК, Ауыл, Ақ жол, ОСДП, Amanat) тең төрағалары мен өкілдері қатысты. Дебат үш раундта өтті, әрбір раунд екі турға бөлінді.

Бірінші раундтың бірінші турында әрбір қатысушы қысқа уақытта өздерін таныстырып шықты. Екінші турында оппоненттер бір-біріне сұрақтар қойып, оған өзара жауаптар берді. Ал екінші раундтың бірінші турында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өздерінің ұсыныстарын берсе, келесі турда көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Соңғы раундта қатысушылар сайлаушыларды сайлауға белсенді қатысуға және өздеріне дауыс беруге шақырды.

Дебатқа қатысушы саяси партия өкілдерінің басым бөлігі елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды атап көрсетіп, егер сайлауда жеңсе осы проблемаларды шешудің түрлі жолдарын ұсынды. Осыған дейін Qazaqstan және КТК ұлттық телеарналарында жоғарыда аты аталған еліміздегі негізгі жеті саяси партия өкілдері өзара дебаттар өткізген болатын.

Бұл дебаттың алдағы дебаттардан ерекшелігі тікелей эфирдің басым бөлігінде саяси партия өкілдері өздерінің сұрақ-жауаптарын бір-біріне қазақ тілінде жолдады. Дебатқа қатысушылар өздерінің жоғарғы деңгейде пікірталас мәдениеті мен ұстанымдылығын, қарсылас партия өкілдерінің пікіріне толлеранттылық білдіріп, олармен санаса алатындығын көрсетті.

 

https://www.facebook.com/nurken.aytymbetov


← Тізімге қайту