ХАЛЫҚ ҮНІН ЖЕТКІЗЕДІ
Айдар ӘМРЕБАЕВ, Саяси зерттеулер орталығының директоры:
Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басты бағыт етіп қойды. Соның арқасында жаңа өзгерістер орын алуда.
Біз қазір саяси науқандар кезеңін өткізіп жатырмыз. Саяси өзгерістер де көп болуда. Мәжіліс сайлауы өткелі тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясының елге тигізген белгілі бір пайдасы болды. Саяси үдерістер кезеңінде қалыс қалмады. Осыған тереңірек үңілетін шақ келді.
Әрбір саяси науқан қызу өтеді, ол мемлекеттің бағыт-бағдарына да әсер етеді. Қанша дегенмен, Парламент халықтың мұң-мұқтажын жеткізетін заң шығарушы орган. Мұнда тарихи шешімдер қабылданады. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері қаралады. Сондықтан әр саланың мамандары ел абыройын көтеруге күш салып жұмыс істесе дейміз. Бәріміз бірлесіп іс қылсақ, озамыз. Дамыған елдер санатына қосыламыз.
Ел арасынан сайланатын патриот азаматтар елге игілігін тигізсе екен. Қасиетті түркі жұртының қара шаңырағы биік болсын. Ұдайы жетістіктерге жетіп, халықаралық аренада беделіміз асқақтай түссін!
Газета «Аlmaty-Аkshamy» №24-25 (6318) 18 ақпан, 2023 жыл
https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2023/02/n25.pdf