Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Халықаралық Философия күніне арналған дөңгелек үстел
16.11.2023
Көріністер:  577

Халықаралық Философия күніне арналған дөңгелек үстел

Халықаралық Философия күніне арналған дөңгелек үстел

 

2023 жылдың 16 қарашасында Философия, саясаттану және дінтану институтының Философия орталығы Халықаралық Философия күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің басты тақырыптары ретінде қазіргі әлемдік және қазақстандық философия ғылымының жағдайы, басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен өзара байланысы, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық эффектісі, сонымен қатар жоғары білім жүйесіндегі оқу-әдістемелік мәселелері қарастырылды.

Баяндамашылардың бір тарабы жоғарыда аталған тақырыптардың аясында қазіргі цифровизациямен байланысты адам құндылықтарының дағдарысын, соның негізінде ұлттың сана-сезімі мен менталитетінің мазмұнды өзгеріске ұшырауын талқыласа, екіншілері қазақ философияның антропологиялық және экзистенциалистік қырларын, оның көшпенділік өркениетпен байланысын ашып көрсетті.

Дөңгелек үстелдің түйіні ретінде Философия орталығының алдағы жылда өтетін Бүкіләлемдік Философиялық Конгресске қатысуының ұйымдастырушылық және ресми сұрақтары талқыланып, ғылыми зерттеу жобалары бойынша бірқатар міндеттер қойылып, жоспарлар құрылды.

 

ФСДИ Философия орталығы


← Тізімге қайту