Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Tolyq Adam: антропологиялық дискурс» философиялық дөңгелек үстелі
16.04.2026
Көріністер:  32

«Tolyq Adam: антропологиялық дискурс» философиялық дөңгелек үстелі
16 сәуірде AlmaU қабырғасында «Tolyq Adam: антропологиялық дискурс» тақырыбында философиялық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара XXI ғасырдың сын-қатерлері жағдайында адам табиғаты, оның тұтастығы, субъектілігі, жауапкершілігі және болмыс шектері туралы пәнаралық талқылауға арналған академиялық алаңға айналды.

Дөңгелек үстел дәстүрлі баяндамалар форматында емес, тезис пен антитезисті интеллектуалдық салыстыру кеңістігі ретінде ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл «Tolyq Adam» ұғымын дайын доктрина ретінде емес, адам тұтастығы, моральдық жауапкершілік, тарихи тәжірибе, мәдени әртүрлілік және цифрлық трансформация мәселелерін жаңаша пайымдайтын ашық антропологиялық жоба ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

Жиынға философтар, әлеуметтанушылар, экономистер, дінтанушылар және зерттеушілер қатысты.

ФСДИ атынан сарапшылар Айдар Әмребаев, Рүстем Мұстафин және Асылтай Тасболат секциялық отырыстарда баяндама жасап, пікірталасқа белсенді қатысты.


← Тізімге қайту