Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ғылым декадасы аясындағы студенттерге арналған экскурсия
06.04.2026
Көріністер:  172

Ғылым декадасы аясындағы студенттерге арналған экскурсия
Ғылым декадасы аясында ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбайдың ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған ғылыми-танымдық экскурсия өтті.

Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту және кәсіби бағдарын нығайту болды.

Іс-шара барысында студенттер орталықтың қызметімен танысып, оның ғылыми-зерттеу бағыттары, заманауи жетістіктері мен практикалық нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, жетекші мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Аталған экскурсия студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандығына деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Қорытындылай келе, ғылыми экскурсия оқу үдерісін толықтыратын тиімді тәжірибелік әдіс ретінде жоғары бағаланды. Алдағы уақытта осындай мазмұнды іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.


← Тізімге қайту