Қазақстан Республикасы қалыптасқан дәстүрге айналған жолымен әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының басын қосып әр үш жыл сайын Съезд өткізуде. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш рет 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының бастамасымен шақырылды.
Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің басқосуын Еуразия континентінде Егеменді Қазақстан жерінде өткізілуі халықаралық аренада еліміздің абыройының артуына, бейбітшілік пен келісімді, татулық пен достастықты насихаттайтын өркениетті қоғамның басты талабына айналып отырғаны мәлім. Әлемнің бірқатар аймақтарында гео-саяси қақтығыстар, этнос аралық мәселелер негізінде түсінбеушіліктер орын алған бірнеше жылдар бойы Таяу Шығыста орын алғаны белгілі. Осыған байланысты, әлемдегі дінаралық сұхбатты жүзеге асыру мен келісілген шешімдерді қабылдау мақсатында тұрақты негізде қызмет атқаратын халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жасампаздықты мақсат ететін мемлекетке айналудамыз.
Съездің бірнеше отырыстары Еліміздің астанасында 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Қазақстанда өткізілген 6 Съездеріне әлемнің Шығыс, Батыс, Еуропа мемлекеттері мен Африка континентінен жалпы айтқанда 376 делегация өкілдерінен әлемнің беділді діни лидерлері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан. Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісім моделі Съезд отырыстарында халықаралық қауымдастыққа жарияланып, Қазақстанның жаңа қырынан танылуына септігін тигізгені анық.
Мысалы, 2010 жылы мемлекетіміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) төрағасы болып жарияланып Астаналық декларация қабылданған. 2011 жылы бүкіл әлемдегі 57 араб мемлекеттердің басын қосып отырған Ислам ынтымақтастық конференциясы (ОИК) төрағасы болып Қазақстан сайланып, ұйымның атауы Ислам ынтымақтастық ұйымы деп өзгертілуі туралы тарихи шешім Астанада қабылданған. 2015 жылы «Алматы ислам әлемінің астанасы» мәдени бастама жарияланып, ресми негізде атаулы халықаралық шара өткізіліп еліміздің рухани-туристік әлеуеті артқан.
Ағымдағы жылы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді. Съездің басты тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі». Тақырыптың белгіленгені символдық мәні бар, пандемиямның адам мен қоғамның өміріне бірқатар өзгерістер әкеліп, дәстүрлі білім алу форматтары, жұмыс, тұрмыс ерекшеліктер ықпал еткендігі белгілі.
Осыған орай, әлемдегі пандемиядан кейінгі адамзаттың дамуына ықпал жасайтын факторларды діни көшбасшылардың, халықаралық ұйымдар мен шетелдік делегациялардың қатысуымен бірнеше секциялар бойынаш отырыстар белгіленген, мәселен: «Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Діндер мен мәдениеттердің, әділеттілік пен бейбітшіліктің құрметті қатар өмір сүруін нығайтудағы білім мен діни ағартудың рөлі», «Діни лидерлер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі», «Әйелдің әл-ауқатқа және қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі».
VII Съезге әлемнің 50-ден астам елінен 100-ден астам делегация, оның ішінде діни, саяси және қоғам қайраткерлері қатысады. Съезге Рим Папасы Францисктің қатысуы Батыс Еуропа мен Орталық-Азиядағы Қазақстанның ресми ұстанымдарын жақындатып өзара сенімділікті нығайтуына ықпал жасайды деп пайымдаймыз.
Қорытындылап айтқанда, VII Съездің өткізілуі Еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына кіру жолындағы басты қадамдары деп түсінуге болады және де халқымыздың тарихи-мәдени мұрасындағы асыл құндылықтарын әлемдегі халықтарға таныстыру, насихаттау барысында үлкен шара болып табылады.