ЕҰУ магистранттары ФСДИ-де ғылыми тағылымдамадан өтуде
03.06.2026
Көріністер: 58
Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтанулық зерттеулер орталығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дін психологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында магистранттар Институттың бас ғылыми қызметкерлерімен, профессорларымен және жетекші ғылыми қызметкерлерімен кездесіп, ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ отандық ғылыми зерттеулермен және салалық әдебиеттермен танысу жұмыстары жүргізілді.
Магистранттарға Институттың ресми сайтында жарияланған материалдар, ғылыми әдебиеттер мен ақпараттық ресурстарды пайдалану жөнінде нұсқаулықтар берілді.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасы алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.