ЕҰУ магистранттары Институтта ғылыми тағылымдамадан өтті
16.06.2026
Көріністер: 121
2026 жылғы маусым айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дін психологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары Философия, саясаттану және дінтану институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама аясында магистранттар Институт ұйымдастырған I Жазғы мектеп аясындағы ғылыми-тәжірибелік тренингтерге, дәрістер мен кездесулерге қатысты. Іс-шаралар барысында отандық және шетелдік әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің өзекті бағыттары, сондай-ақ қоғамдық үдерістерді ғылыми талдаудың заманауи тәсілдері таныстырылды.
Ғылыми тағылымдаманы қорытындылау барысында магистранттарға сертификаттар табысталды.