Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жоба аясында халықаралық іссапар
24.09.2025
Көріністер:  331

Жоба аясында халықаралық іссапар
ЖТН № BR21882302 «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында 10-19 қыркүйек аралығында ФСДИ ғылыми қызметкерлері Сағиқызы Аяжан мен Әлжанова Нұрлыхан Вена университетіне (Австрия) және Бруно Кесслер қорының ғылыми-зерттеу институтына (Италия) іссапарға барды.

 Іссапардың мақсаты - университеттердің цифрландыру саласындағы ғылыми-зерттеу тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық орнату.

  Вена университеті
 Цифрлық трансформация саласындағы жетекші жобалар зерттелді:
* Open Education Austria Advanced - ашық білім беру ресурстарының ұлттық платформасы;
* Digitize! - есептеу әлеуметтануы және үлкен деректерді талдау;
* Teaching Digital Thinking - барлық мамандық студенттерінің цифрлық дағдыларын дамыту;
* Austrian Transition to Open Access 2 - ашық ғылым мен цифрлық жарияланымдарды ілгерілету.

 Профессор Мартин Ротгангельмен кездесу өтті - бірлескен зерттеулер мен академиялық алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

  Bruno Kessler Қоры (FBK), Италия
Іссапар барысында Dr. Sara Hejazi, Fondazione Bruno Kessler (FBK) Дінтанулық зерттеулер орталығының (ISR) зерттеушісімен кездесу өтті. Ол діндерді, этикалық ұстанымдар мен технологиялармен өзара байланыстағы мінез-құлық үлгілерін зерттеуге маманданған антрополог. Технологиялар мен гуманитарлық ғылымдардың қиылысында бірлескен жобалардың перспективалары талқыланды.

  Профессор Mario De Caro (Италия)
Сонымен қатар, моральдық философия, Roma Tre университетінің профессоры Mario De Caro-мен кездесу болды. Цифрлық трансформация жағдайындағы этика мәселелері, сондай-ақ ғылыми жетекшілік және бірлескен семинарлар өткізу форматтары талқыланды.
Іссапар қазақстандық зерттеушілердің халықаралық ғылыми желілерге интеграциялануы және цифрлық трансформацияның гуманитарлық аспектілерін кеңейтуге маңызды қадам болды.

← Тізімге қайту