Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы: қазіргі жағдайы мен болашағы
11.10.2023
Көріністер:  840

Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы:  қазіргі жағдайы мен болашағы

Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы:

қазіргі жағдайы мен болашағы

2023 жылдың 10 қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы: қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған іс-шара Түркия Республикасының 100 жылдығына арналды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Философия,

саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Сейдуманов С.Т., Философия орталығының директоры, бас ғылыми қызметкер, профессор Нұрмұратов С.Е., Саяси зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері, доктор Булуктаев Ю.О., Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Мұстафин Р.Н. баяндамалар жасады.

Түркия тарапынан Алматыдағы Түркия Республикасының Бас консулы Эбрен Мудеррисоглы мырза, Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі профессор Пеями Баттал мырза, Еуразиялық зерттеулер институтының директоры, доктор Суат Бейлур, сондай-ақ Тұран университетінің оқытушысы Нуреттин Чакир қатысты.

Конференция отырысын ашқан Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Сейдуманов С.Т. түрік қонақтарын жылы қарсы алып, өзара стратегиялық қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылауға ниет білдірді. Профессор Сейдуманов С.Т. атап өткендей, екі республика арасындағы ұзақ жылдардағы қарым-қатынас тек экономикалық, сауда-саттық және саяси салаларда ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық және тарихи-тұжырымдамалық өзара іс-қимыл бойынша да қалыптасып келеді. Ал ғалымдардың міндеті – ғылыми және мәдени байыту мақсатында екі халықтың дәстүрлерін терең зерттеп, ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздеу.

Конференция барысында сарапшылар қазақ-түрік қарым-қатынастарына қатысты ауқымды өзекті мәселелерді талқылады. Осылайша, саясат саласында аймақтық және жаһандық ауқымдағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен бастамалар қарастырылды.

Екі ел арасындағы сауда және инвестициялық байланысты нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ энергетика, көлік және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты конференцияға қатысушылар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі бірлескен күш-жігерді қарастырды.

Мәдени және білім беру аспектілері де назардан тыс қалмады. Қатысушылар Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және академиялық алмасуды, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Екі республика арасындағы қарым-қатынастың тарихи және өркениеттік аспектілері заманауи серіктестіктің негізін қалыптастыратын маңызды фактор ретінде атап өтіледі.

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстан мен Түркия арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйіне жоғары баға берді. Бұл әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында бауырлас түркі халықтары континенттегі өзінің бірегей географиялық, саяси жағдайын пайдалана отырып, ғылым мен мәдениет саласындағы жетістіктерін біртұтас постулатқа негіздеді.

Жалпы, конференция Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтумен қатар, пікір лер алмасудың тиімді алаңына айналды.

Философия, саясаттану және дінтану институты, Саяси зерттеу орталығы


← Тізімге қайту