Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ақпараттық хат
03.03.2026
Көріністер:  220

Жарияланған күні:

2026 жылғы 3 наурыз

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

Ғылым комитеті

 

Философия, саясаттану және дінтану институты

 

Ақпараттық хат

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының 2026 жылғы 9 қыркүйекте өтетін «Оңтүстік Қазақстан этностық топтарының коммуникативтік тәжірибелері: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция офлайн, сондай-ақ Zoom платформасында онлайн форматында өтеді.

Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, 3-қабат. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, конференция залы. Тіркелу: 09:30 – 10:00. Конференция жұмысы: 10:00 – 17:00. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Халықаралық конференцияның мақсаты жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға байланысты неғұрлым өзекті этносаяси және этноәлеуметтік мәселелерді талқылау болып табылады. Конференцияны өткізу Оңтүстік Қазақстандағы этностық топтардың шоғырланып және аралас қоныстанған жерлеріндегі этносаралық өзара іс-қимыл мәселелерін және жергілікті әкімшілік органдардың басқару технологияларын зерттейтін «Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы этносаралық қатынастар мониторингі» (2024-2026 жж.) зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында көтерілді. Бұл мәселелер мемлекеттік этносаясатты одан әрі іске асыру мәселелерінің, Қазақстанда және әлемде ұлттық құрылыс пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру тәжірибесін зерделеу және енгізу процесіндегі этностық және азаматтық сәйкестік проблемаларының кеңірек мәнмәтінінде зерттеледі.

Оңтүстік Қазақстан этностық топтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси, этномәдени және діни стратегияларын зерделеу жергілікті жерлерде мемлекеттік этносаясатты жетілдіру мәнмәтініндегі неғұрлым этносаралық шиеленіс аймақтары мен факторларын және оларды барынша тиімді бейтараптандыру жолдарын іздеуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстанда және әлемде азаматтық ұлтты қалыптастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін іс жүзінде қолданудың мүмкіндіктері мен шекараларын теориялық талдау мәселелері өзектендірілуде. Конференцияның баяндамалары мен пікірталастары осы тақырыпты зерттейтін қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерін апробациялауға бағытталатын болады.

Халықаралық ғылыми конференцияның негізгі бағыттары:

·    Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің саяси идеологиясын дамыту және нығайту жөніндегі мемлекеттік міндеттер мәнмәтініндегі этносаралық және топаралық қатынастарды зерттеудің отандық және әлемдік тәжірибесі;

·     жалпыұлттық бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін елдің оңтүстік өңіріндегі этностық топтардың интеграциялану/дезинтеграциялану факторлары;

·     таяу болашақтағы этностық фракциялану деңгейінің өзгеруімен өзара байланыстағы елдің оңтүстік өңірлері халқының табыс теңсіздігінің өзгеру үрдістері;

·       әлемдік және қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілердегі кемсітушілік медиалық және коммуникативтік тәжірибелер.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық және күндізгі отырыстарының баяндамалары мен пікірталастары осы мәселелер бойынша зерттеу нәтижелерін талқылауға және апробациялауға арналады. Осы бағыттар шеңберіндегі ғылыми пікірталастар мемлекеттік этносаясатты іске асыру бойынша практикалық шешімдер мен ұсынымдар әзірлеуге ықпал ететін болады.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша конференцияның ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда. Материалдарды жинаққа енгізу үшін 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мақаланың тақырыбы мен мәтінін конференцияның ғылыми еңбектер жинағының жауапты редакторы Мұхтарбек Шәйкемелевтің электрондық поштасына жіберу қажет – mukash2424@gmail.com.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Қаріп – Times New Roman, жоларалық интервал – 1, кегль – 14. Т.А.Ә. – жұмыс орнын, лауазымын, дәрежесін, атағын және автордың e-mail-ін көрсете отырып, толық жазылады. Мәтін бойынша сілтемелер тік жақшада беріледі [7, 25-б.]. Бет параметрлері: жоғары, төмен, оң және сол жағынан 2 см. Пайдаланылған дереккөздер тізімі мақаланың соңында беріледі. Мақала көлемі 6-дан 12 бетке дейін. Беттерге автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді. Конференцияның ұйымдастыру комитеті жариялауға келіп түскен материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Ұйымдастыру комитеті: 050010, Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, 3-қабат, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты. Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша мына e-mail-ге жазуды сұраймыз: mukash2424@gmail.com. Жауапты орындаушы: Мұхтарбек Сейд-Әліұлы Шәйкемелев.

 

 


← Тізімге қайту