«Қызмет» кәсіподақ ұйымының көшпелі оқыту іс-шарасы
13.02.2026
Көріністер: 175
Мемлекет басшысы ағымдағы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, цифрлық технологияларды қоғам өмірінің барлық саласына жедел енгізу тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2025–2030 жылдарға арналған қызмет стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, 13–14 ақпан күндері «Қызмет» филиалы кәсіподақ активіне арналған көшпелі оқыту іс-шарасын «Арман тау резорт» демалыс кешенінде өткізді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын кәсіподақ қызметінде қолдану мәселелері.
Аталған іс-шара ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешовтың қатысуымен өтті.
ФСДИ атынан ағы ғылыми қызметкер, бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшесі Еңлік Қасабекова қатысты. Кәсіподақ ұйымы өткізген оқыту барысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, цифрландыру мәселелері, сондай-ақ ҚР Конституциясының жаңа жобасы жан-жақты талқыланды.