Алматы қаласы ҚХА Жас ғалымдар клубының ҚХА 30 жылдығына арналған конкурс жеңімпаздарын марапаттау
12.12.2025
Көріністер: 148
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: құндылықтар мен рәміздер» дөңгелек үстелі аясында Алматы қаласының ҚХА Жас ғалымдары арасындағы үздік ғылыми мақала (жоба) конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Конкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығына арналып өткізілді.
Конкурс ғылыми бастамаларды қолдауға және жастардың зерттеу белсенділігін дамытуға бағытталған. Қатысушылар қоғамдық даму, заманауи зерттеу тәсілдері және әлеуметтік үрдістерге қатысты өзекті тақырыптар бойынша жұмыстарын ұсынды. Барлық жұмыстар арнайы құрылған комиссия тарапынан қаралып, ұсынылған жобалардың жоғары деңгейі атап өтілді.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар конкурс жастарды қолдаудағы маңыздылығын атап өтіп, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметіне әрі қарай белсенді қатысуға үміт білдірді.