Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ХАЛЫҚ АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН РЕФОРМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН СЕЗІНУІ КЕРЕК
02.09.2023
Көріністер:  269

                                                                                   ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСУ

 

            

ХАЛЫҚ АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН РЕФОРМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН СЕЗІНУІ КЕРЕК

 

         

Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты осындай.

Саясат БЕЙІСБАЙ, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы.

 

     Биылғы Жолдаудың ерекшелігі, Президент басты назарды экономикаға аударды. Әрине, бұрынғы тапсырмалар да назардан тыс қалған жоқ. Сол міндеттерді жүзеге асыру да күн тәртібінен түспейді.

    Дегенмен, өткенге көз жүгіртсек, бұрынғы Жолдауда көрсетілген міндеттердің көбі орындалмай жатқанын айтады жұртшылық. Соған Үкімет тарапынан бақылау неге әлсіз? Не себептен тапсырмалар орындалмай жатыр? Неге көбі қағаз жүзінде қалуда? Мемлекет қаржысы босқа ысырап болып жатқан жоқ па? Мысалы, көптеген мектептер салынбай қалды, жолдардың да салынуы тым созылып кетті әрі сапасы сын көтермейді. Осыған дейін экономикалық модель тым әлсіз болды, салық заңдары тиісінше орындалмай келді. Жұртшылық тарапынан миллиардтаған қаржы ысырап болатыны, соған тиісті бақылаудың нашар екені жиі айтылуда.

    Осы жолғы Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ендігі жерде жүктелген тапсырмаларды созбай, нақты мерзім ішінде, атап айтқанда үш жыл ішінде орындау керектігін қадап айтты. Бұл жолы басты басымдық экономика саласына беріліп отырғаны қуантады. Ендігі жерде Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын, яғни бағытын белгілеп, соны жүзеге асыру қажет деді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұдан былай ел экономикасының жүзеге асырылуына министрлер мен әкімдер тікелей жауапты болады.

      Елімізде электр энергиясы тапшылығын жоюдың бір көзі атом электр станциясын салу. Алайда еліміз халқы атом қаруынан орасан зардап шеккендіктен бұл мәселеде жұртшылықтың алаңдаушылығы заңды. Ол әнине, халықты толғандыратын үлкен мәселе. Сондықтан АЭС салу мәселесі елімізде бүкілхалықтық референдум арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда халық сенімі маңызды деп атап көрсетті Президент. Жалпы, болашақта елімізде АЭС салу мәселесі оң шешілсе, соны кімге сеніп тапсырамыз? Ресейге ме, Францияға ма, Қытайға ма, Кореяға ма, әлде Жапонияға ма деген мәселе де күн тәртібіне қойылатыны түсінікті.

     Жолдауда атап көрсетілгендей, елдің экономикалық салаларын жедел жақсартып, нақты жүзеге асыру қажеттігін Мемлекет басшысы осы жолы қадап айтты. Экономиканы дамытуға жігер берген Жолдаудың алға қойған міндеттерінің маңызы үлкен. Елімізді экономикалық тұрғыда барлық салада өзімізді өзіміз толық қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті. Сондықтан да Президент Қ. Тоқаев бұл мәселеге ерекше тоқталды. Экономикалық қауіпсіздік мәселесі де ерекше назарда болуы тиіс.

     Өндірісті жүйелі түрде қолға алу, тау-кен секторын, геологиялық бақылау мәселелерін жүзеге асыру да өткір қойылып отыр. Экономиканы дамытуға жігер берген Жолдаудан халықтың күтері мол.

    Еліміздегі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мұнай өңдеу салаларындағы газды үнемдеу арқылы халққа арзан бағамен сату керектігі айтылды.

     Агроөнеркәсіп саласын дамыту бұрын да жиі айтылып келген мәселе. Алайда осы жолы Президент бұл мәселеге ерекше тоқталды. Ауыл шаруашылығын, оны жүйелі дамыту аса маңызды. Ендігі жерде шикізат шылауынан арылып, нақты нәтижеге қол жеткізу қажет. Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі 8 мииллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі. Бұдан былай осындай ауқымды байлық ел игілігіне жараса дейсің. Президент алдағы үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін 70 пайызға көбейту міндетін алға қойды. Бұл салада ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, сондай-ақ, тері, жүн, ет өнімдерін өңдеу, яғни   логистиканы дамыту мәселесі маңызды екені түсінікті.

     Су мәселесі аса өзекті бүгінде. Су жетіспеушілігінің зардабын өтіп бара жатқан жазда еліміздің бірқатар шаруашылықтары көрді. Бізде суды көршілес елдерден алу өз алдына, өзіміздегі өзен-көлдердің, жерасты суларының ысырап болуы да жиі байқалады. Мысалы, ел ішіндегі жерасты суларының қырық пайызы құмға сіңіп ысырап болады екен. Сондықтан суды барынша үнемдеп пайдалану еліміз үшін еркше мәселенің бірі.

      Елімізде кадр тапшылығы жоқ екені айтылды. Білімді жастар баршылық. Отыз жыл бойы шетелдік инвесторларға басымдық берілсе, ендігі жерде өзіміздегі ішкі резервтерді пайдалану керек.

    Жалпы алғанда, су шаруашылығы, агроөнеркәсіп, энергетика, өндіріс, тау-кен саласы, көлік инфрақұрылымы басты назар аударатын салалар болуы тиіс. Қорыта айтқанда, экономиканы әртараптандыру маңызды.

    Осылайша бұл Жолдауда қоғам үшін маңызды, өзекті мәселелер орынды қозғалды. Халық алға қойылған реформалардың оң шешілуін сезінуі керек. Ендігі жерде Президент Жолауының оң нәтижелері қандай болады? Осыған жауаптылар тиісті нәтиже шығарып, бақылауды күшейте ме, оны алдағы уақыт көрсетеді.

 


← Тізімге қайту