Шымкент қаласына ғылыми іссапар
19.12.2025
Көріністер: 496
025 жылғы 17-19 желтоқсан аралығында Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері Куаныш Сайлау, Айжан Молдағалиева және Айдана Серікбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне жұмыс сапарымен барды.
Іссапардың басты мақсаты академиялық серіктестікті нығайту, жас ғалымдарды қолдау және бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту болды. Осы мақсатта саясаттану және философия кафедраларының меңгерушілері - Ардақ Монтаев пен Талғат Еркінұлы қатысушылармен кездесу өткізіп, академиялық мобильділікті арттыру, озық ғылыми тәжірибелерді енгізу, докторлық зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылау және бірлескен жобаларды жоспарлау мәселелерін қарастырды.
Сапар барысында Институт қызметкерлері университеттің кітапханасы мен ғылыми инфрақұрылымымен танысып, білім мен зерттеу ресурстарын зерттеді.
Кездесу қорытындысы бойынша М. Әуезов университетінің кітапхана қоры ФСДИ қызметкерлері дайындаған ғылыми басылымдармен толықты.
Жұмыс сапары академиялық ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға арналған маңызды қадам ретінде бағаланды.