Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Түркістан қаласына ғылыми іссапар
11.12.2025
Көріністер:  191

Түркістан қаласына ғылыми іссапар
2025 жылғы 11-12 желтоқсан күндері ФСДИ ғылыми қызметкерлері - Кельдинова Айман, Бақытжан Шынар, Тұрысбек Марлен және Қалдыбеков Нұрбол жұмыс сапарымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (Түркістан қ.) барды.

Іссапар аясында философия кафедрасының меңгерушісі, PhD Саян Шылмамбетовпен, теология кафедрасының меңгерушісі, PhD Дидар Шауеновпен, сондай-ақ дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Фэриде Камаловамен бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді. Кездесулер барысында жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеулердің барысы мен нәтижелері талқыланып, келесі жылға жоспарланған ғылыми және академиялық іс-шаралар бойынша келісімдер жасалды.

Іссапар соңында ФСДИ атынан теология факультетінің кітапхана қорына институт қызметкерлері дайындаған ғылыми басылымдар табысталды.


← Тізімге қайту