Өзбекстанға ғылыми іссапар
27.11.2025
Көріністер: 401
2025 жылғы 22–27 қараша аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Қазақстаннан барған делегация ғылыми іссапармен болды. Делегация құрамында ФСДИ атынан жетекші ғылыми қызметкер, PhD докторы Нұркен Айтымбетов қатысты.
Іссапар барысында Өзбекстандағы ШЫҰ Халықтық дипломатия орталығының директоры Кабулжон Сабировпен, медиация бойынша халықаралық сарапшы әрі Ташкент медиация орталығының директоры Диёрбек Кимсановпен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар және шетелдегі отандастармен жұмыс жөніндегі комитетінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Қазақстандық делегация үшін Орталық Азия халықаралық институтында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Орталық Азия елдеріндегі қақтығыстарды институционалдандыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысушыларға ғылыми-зерттеу жобалары аясында дайындалған Институт басылымдары табысталды. Іссапар қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылып, алдағы ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.