Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы
31.03.2026
Көріністер: 163
2026 жылғы 31 наурызда Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтанулық зерттеулер орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану, исламтану және мәдениеттану мамандықтарының магистранттары ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында Орталықтың бас ғылыми қызметкерлерімен кездесті.
Тағылымдама барысында магистранттар өздерінің зерттеу тақырыптарын таныстырды. Дінтанулық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкерлері мен PhD докторлары ғылыми кеңестерін ұсынып, гуманитарлық зерттеулердің өзекті парадигмалары, ғылыми әдебиеттер және жекелеген авторлардың еңбектері бойынша пікір алмасу өткізілді.
Тағылымдама бағдарламасы алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.