Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ғылыми кездесу
10.06.2026
Көріністер:  85

Ғылыми кездесу
Бүгін Философия, саясаттану және дінтану институтында Орталық Азияны зерттеуші, саяси ғылымдарының докторы, Гарвард университетінің Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Наргис Қасенованың қатысуымен ашық кездесу өтті.

Кездесу аясында қонақ өз баяндамасына арқау болған «Қазіргі саяси ғылымдағы Орталық Азияны зерттеу мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Н.Қасенова Гарвард университетінің Дэвис орталығының қызметі және оның посткеңестік кеңістік пен Орталық Азияны зерттеуді дамытудағы рөлі туралы жан-жақты баяндады. Орталықтың негізгі зерттеу бағыттары мен қазіргі бастамаларына шолу жасалды.

Әсіресе өңірдегі саяси трансформацияларды талдауға, академиялық әріптестікті дамытуға, жас зерттеушілерді қолдауға және Орталық Азияны зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған пәнаралық зерттеу жобаларына ерекше назар аударылды.


← Тізімге қайту