Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Хангук университетімен ғылыми диалог
21.01.2026
Көріністер:  287

Хангук университетімен ғылыми диалог
21 қаңтарда ФСДИ ғимаратында Хангук шетел тілдері университетінің Орталық Азияны зерттеу институтының мамандары - профессор Sangcheol Kim, сондай-ақ Sunah Choi мен Jaemin Kim кездесу өткізді.

Кездесу барысында Институттың жас ғалымдары басты назарда болды. Олар Орталық Азия тарихы, мәдениеті және халықаралық қатынастар саласындағы өзекті зерттеу бағыттарын талқылау мүмкіндігіне ие болды. Институттың Бас директоры жастарды халықаралық ғылыми жобаларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

Жас ғалымдар белсенді түрде өз идеялары мен бірлескен зерттеу жобаларына қатысты ұсыныстарымен бөлісіп, Оңтүстік Кореядағы әріптестерімен ынтымақтастық жасауға мүдделі екендіктерін көрсетті.


← Тізімге қайту