Ғылыми семинар
28.11.2025
Көріністер: 1280
2025 жылғы 28 қарашада ФСДИ Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының «Өткен репрессиялар, бүгінгі ынтымақтастық: Шығыс Еуропадағы жады мүмкіндіктер» тақырыбында ғылыми семинары өтті. Іс-шараның модераторы орталық жетекшісі Айдар Әмребаев болды.
Негізгі баяндамашы ретінде Изабель Десисто (Princeton University, АҚШ) сөз сөйледі - ол Шығыс Еуропа мен посткеңестік кеңістік саясатын салыстырмалы түрде зерттейтін ғалым. Оның ғылыми қызығушылығы негізінен репрессия, пропаганда және білім беру саясаты мәселелеріне, әсіресе авторитарлық режимдер контекстінде бағытталған. И.Десисто Гарвард университетінен мемлекеттік басқару бакалавры және аймақтық зерттеулер магистрі дәрежесіне (Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия) ие, сондай-ақ Кембридж университетінен саясат және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған.
Баяндамасында ғалым Кеңес Одағы кезіндегі репрессиялардың тарихи тәжірибесін талдап, олардың әсіресе 1953 жылға дейінгі кезеңде кең ауқымды және жүйелі болғанын атап өтті. Арнайы назар репрессивтік практикалар мен саяси қатысу арасындағы байланысқа, сондай-ақ бұрынғы қысымға қатысты ұжымдық естеліктердің қазіргі азаматтық мобилизация формаларына қалай әсер ететініне аударылды.
И.Десисто мнемоникалық мүмкіндіктер концепциясын таныстырды - бұл өткеннің ерекше маңызды болып, қоғамды мобилизациялай алатын сәттері. Ғалым «thickened history» (Beissinger, 2002) идеясын негізге ала отырып, тарихи мұраның динамикалық екенін және саяси әрі әлеуметтік өзгерістер жағдайында оны «активтендіруге» болатынын көрсетті.
Семинар қатысушылары баяндама материалдарын талқылап, зерттеудің қазіргі Шығыс Еуропа мен посткеңестік аймақ елдеріндегі саяси процестерді түсінуде маңыздылығын атап өтті.