ФСДИ дің бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова жаңа Конституция жобасының баптарында зайырлылық қағидаттарын бекітудің маңыздылығын атап өтті. Ол бұл ережелерді азаматтық бейбітшіліктің құндылықтарын, атап айтқанда ар-ождан бостандығын, диалог мәдениетін және төзімділік қағидаттарын нығайтатын «smart-зайырлылық» ретінде сипаттады. Мұндай құндылықтық негіз жаңа онтологиялық шынайылық жағдайында қоғамның көзқарастар алуандығын сақтай отырып, оның тұтастығын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Косиченко жаңа Конституция жобасының қоғамдық өмірдің адамгершілік негіздерін нығайтудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл негіздерге адам қадір-қасиетіне құрмет, өзара жауапкершілік және диалог мәдениеті жатады. «Діннің оң рөлі - адамдарды біріктіретін және қоғамдық келісімді сақтауға ықпал ететін руханиятты, мейірімділік пен ынтымақты қолдауда», - деді ол.
kazislam.kz