Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары: Нұр-Мүбарак университетімен ФСДИ кездесуі
03.09.2025
Көріністер:  582

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары: Нұр-Мүбарак университетімен ФСДИ кездесуі
2025 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында институттың Бас директоры Айгүл Садвокасова мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Оңғардың ресми кездесуі өтті.

Кездесу барысында университет өкілдері Айгүл Садвокасованы жаңа лауазымымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және әріптестік байланысты нығайтуға ниетті екендерін білдірді. Құрмет белгісі ретінде қонақтар кітап сыйлап, өздерінің ғылыми еңбектерін таныстырды.

Тараптар ғылыми және білім беру салаларындағы ықпалдастықтың болашағын, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру және ортақ ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Мұндай кездесулер академиялық серіктестікті тереңдетіп, ғылыми тәжірибе алмасуға жол ашады.

Нұр-Мүбарак университеті атынан кездесуге Халықаралық ғылыми зерттеулер және инновациялар орталығының жетекшісі Шамшәдин Керім мен басқарушы директор Мақсат Байзақ қатысты. Институт тарапынан Дінтанулық зерттеулер орталығының директоры Алмасбек Шағырбай болды.

ФСДИ университет өкілдеріне ғылыми басылымдармен алмасқаны және ынтымақтастыққа ашықтық танытқаны үшін алғыс білдіреді.

← Тізімге қайту