Серік Есентайұлы Нұрмұратов - философия ғымдарының докторы, профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері.
Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаев қыркүйек айының басында өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Әрине, Жолдау көптеген өзекті мәселелерді қамтитыны анық. Дегенмен, маңызды деген проблемалардың қатарына төмендегі салаларды жатқызуға болады.
Біріншіден, еліміздің көптеген өңірлерінде су тапшылығы байқалуда. Осы стратегиялық мәселені шешудің жолдарын қарастыру керек.
Екіншіден, биылғы жылы техникалық мамандықтарға жоғары оқу орындарға түсемін деген талапкерлерге гранттар көбірек бөлінді. Бірақ бірнеше жылдардан кейін олар жұмыссыз қалмау үшін өндіріс орындарын бейімдеп, жаңа зауыттармен кеңейте түсу керек. Өзіміздің жоғарғы технологияны игеретін салаларымызды нығайту керек.
Үшіншіден, елде қымбатшылықтыңі нағыз қайнар көзі жанар-жағар майдың қымбатшылығы. Өзіміздің өндіріс орындары бензинмен халықтың сұранысын қамтамасыз ету керек.
Төртіншіден, әлеуметтік әділеттілік болу үшін құқық саласы мен рухани тәрбие қатар жүру керек. Онсыз тұрақты даму болмайды.
Осылар аса маңызды деген ойдамын.
28.08.2023