Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Идеядан зерттеу құралына дейін: I Жазғы мектеп жұмысының екінші күнінің қорытындылары
09.06.2026
Көріністер:  75

Идеядан зерттеу құралына дейін: I Жазғы мектеп жұмысының екінші күнінің қорытындылары
«Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытындағы гибридті құзыреттерді қалыптастыру» атты ФСДИ I Жазғы мектептің екінші күні зерттеу дизайны мәселелеріне, зерттеу құралдарын әзірлеуге және әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді жүргізудің практикалық аспектілеріне арналды.

«Зерттеу дизайнының зертханасы: сұрақтар мен гипотезалардан құралға дейін» модулі аясында қатысушылар зерттеу дизайнының негізгі түрлерін (survey, experiment, mixed methods), гипотезаларды қалыптастыру тәсілдерін, сауалнама құрастыруды, өлшеу шкалаларын таңдауды, іріктемені қалыптастыруды, сондай-ақ валидтілік, сенімділік және зерттеу этикасы мәселелерін қарастырды.

Бүгінгі күннің спикерлері ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Дамира Сиқымбаева, Нұркен Айтымбетов және Марлен Тұрысбек сөз сөйлеп, зерттеулерді жобалаудың теориялық және практикалық қырларын таныстырып, Институттың зерттеу жобалары бойынша кейстер ұсынды.

Онлайн форматта демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының демографиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Шынар Төлешова «Қазақстандағы экономикалық және демографиялық үдерістердің өзара байланысы» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ қатысушылар алдында бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Ермек Тоқтаров « Инновация жəне трансляция: əлеуметтік зерттеуден өнімге, зияткерлік меншікке жəне коммерцияландыруға дейін» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикалық қолдану мәселелеріне тоқталды.

Жазғы мектептің жұмысы заманауи зерттеу тәсілдерін, цифрлық құралдарды және пәнаралық тәжірибелерді біріктіретін білім беру бағдарламасына сәйкес жалғасуда.


← Тізімге қайту