Цифрлық іздерден деректерді талдауға дейін: I Жазғы мектептің 3-күнінің қорытындылары
10.06.2026
Көріністер: 30
I Жазғы мектептің «Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытында гибридті құзыреттерді қалыптастыру» бағдарламасы аясындағы үшінші күн цифрлық зерттеу әдістерін меңгеруге, жаңа дерек көздерімен жұмыс істеуге және әлеуметтік шындықты визуалды әрі статистикалық тәсілдер арқылы талдауға арналды.
• «Цифрлық әдістер зертханасы: әлеуметтік медиа, мәтіндер және жаңа дереккөздер» модулінде қатысушылар цифрлық іздерді зерттеу дерегі ретінде қарастырып, әлеуметтік желілерді талдау әдістерін, сапалық зерттеу тәсілдерін (интервью, мәтіндер), сондай-ақ деректерді кодтау және категориялау үдерістерін меңгерді.
Практикалық бөлімде YouScan және MaxQDA құралдарымен жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік желілердегі бірегейлік (ІҒЗ) және жасанды интеллектті енгізудегі жауапкершілік (БНҚ) бойынша кейстер қарастырылды.
Спикерлер ретінде ФСДИ ғылыми қызметкерлері Қуаныш Сайлау және Айдана Серікбаева сөз сөйледі.
• «Әлеуметтік шынайылықты талдаудағы бейнелер, мағыналар және деректер» модулінде қатысушылар әлеуметтік процестерді зерттеудегі визуалды және сандық әдістердің рөлін талқылады.
• «Бейнелер саясаты: кино, медиа және сендірудің визуалды режимдері зертханасы» атты воркшопты ғылыми қызметкер Джамиле Сатыбалдиева жүргізді.
Бақытты зерттеудегі статистикалық әдістер тақырыбында дәрісін Әлеуметтану орталығының жетекшісі Шырын Тленчиева ұсынды.
Жазғы мектеп әлеуметтік зерттеулердегі цифрлық әдістерді, визуалды талдауды және сандық тәсілдерді біріктіретін пәнаралық форматта өз жұмысын жалғастыруда.