CESS2026 конференциясы аясындағы Институттың панельдік сессиясы
17.06.2026
Көріністер: 24
2026 жылғы 17 маусымда Назарбаев Университетінде өткен CESS2026 өңірлік конференциясы аясында Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Еселі бірегейлік және әлеуметтік консенсус: Орталық Еуразиядағы әлеуметтік қашықтық және келісім» тақырыбындағы панельдік сессия өтті.
Сессия модераторы Институттың бас директоры Айгүл Садвокасова болса, пікірталасшы (дискуссант) ретінде д-р Азиз Бұрханов қатысты.
Панельдік сессия барысында Институттың ғылыми қызметкерлері бірегейлік, сенім және қоғамның цифрлық трансформациясы мәселелеріне арналған баяндамаларын ұсынды.
Бас директордың орынбасары Шолпан Джаманбалаева «Multiple Identity and the Boundaries of Trust in Kazakhstan» атты зерттеуін таныстырып, Қазақстан қоғамындағы көпқырлы бірегейлік пен сенім шекараларының өзара байланысына тоқталды. Бас ғылыми қызметкер Наталья Сейтахметова «The Islamic Discourse of Multiple Identities in Digital Reality: Epistemological and Ethical Problems» тақырыбындағы баяндамасында цифрлық кеңістіктегі көпқырлы бірегейліктің исламдық дискурсының эпистемологиялық және этикалық мәселелерін қарастырды. Ғылыми қызметкер Қуаныш Сайлау «Key Dimensions of Digital Identity in Kazakhstan and Their Determinants» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандағы цифрлық бірегейліктің негізгі өлшемдері мен олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды талдады.
Талқылау барысында цифрландыру жағдайындағы бірегейліктің трансформациясы, қоғамдық сенім мен келісімді қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ цифрлық орта мен діни дискурстың дамуымен байланысты сын-қатерлер сөз болды.
Сонымен қатар, конференция аясындағы «POL19: Ұлы державалар бәсекелестігінің динамикасы» атты параллельді панельдік сессияда ғылыми қызметкер Дина Қызырбек «FDI in Former Soviet Republics: A Tale of Russian Ties» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама бұрынғы кеңестік республикалардағы тікелей шетелдік инвестициялар мәселелеріне және Ресеймен тарихи байланыстардың ықпалына арналды.