ИНСТИТУТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
25.12.2025
Көріністер: 358
2025 жылғы 26 желтоқсанда Философия, саясаттану және дінтану институтында есептік кезеңдегі ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындыларына арналған Ғылыми кеңестің жыл соңындағы отырысы өтті.
Отырысты Институттың бас директоры Айгүл Садвокасова ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Сөзінде Институтта жүзеге асырылған ғылыми жобалардың табысты аяқталуының маңыздылығын атап өтіп, ғылыми нәтижеліліктің жоғары деңгейін және отандық гуманитарлық ғылымды дамытудағы ғалымдардың үлесін ерекше атап көрсетті.
Отырыстың барысында ғылыми орталықтардың жетекшілері кеңейтілген есептерін ұсынды, онда аяқталған ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелері, ғылыми іссапарлар мен тағылымдамалардың өткізілуі, сондай-ақ ғылыми еңбектер мен монографиялардың жариялануы туралы баяндалды. Сонымен қатар есептік кезеңде Институт қызметкерлері жоғары рейтингі бар отандық және шетелдік ғылыми журналдарда көптеген мақалалар жариялағаны атап өтілді.
Арнайы назар Институт қызметкерлерінің халықаралық және отандық ғылыми іс-шараларға белсенді қатысуына, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мен өзекті әлеуметтік мәселелерге сараптамалық қолдау көрсетуге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарындағы тұрақты және мазмұнды баяндамаларына аударылды.
Талқылау барысында қол жеткізілген нәтижелер көрсетіліп, келешектегі зерттеулердің өзекті бағыттары анықталып, Институттың ғылыми қызметін дамытудың перспективалары белгіленді.
Ғылыми кеңестің отырысы қорытындысында Институттың жалпы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, ұсыныстар жасалып, ғылыми әлеуетті одан әрі нығайтуға бағытталған басым міндеттер анықталды.