2025 жылғы АТТ жұмыстарының қорытындысы
03.12.2025
Көріністер: 403
2025 жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) 2025 жылғы жұмысын қорытындылап, дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Кездесуге қатысқан дінтанушылар мен исламтанушы мамандар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Іс-шара соңында мамандарға алғыс хаттар табысталды.
Институт атынан Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа қатысып, алғыс хатпен марапатталды.