Саясаттанушы, журналист-публицист ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды
20.11.2026
Көріністер: 7
026 жылғы 20 қарашада белгілі журналист-публицист, саясаттанушы Саясат Бейісбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады. Алғыс хат еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай берілді.
Саясат Бейісбаевтың журналистика саласындағы кәсіби еңбек өтілі 45 жылға жуықтайды. Ол әр жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде, Қазақ радиосында, «31 арна» телеарнасында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлық әрі басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ жеті жылдан астам уақыт бойы Философия, саясаттану және дінтану институтында бөлім жетекшісі, бас сарапшы қызметтерін абыроймен атқарып, ғылыми-талдамалық жұмыстарға өз үлесін қосты.
Оның кәсіби жолында Қазақстанның Тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңіндегі тарихи оқиғаларды халықаралық деңгейде ақпараттандырудың орны ерекше. 1991 жылы Еуропада жүріп, Қазақстанның тәуелсіздігін шетелдік ақпарат құралдары арқылы әлемге алғашқылардың бірі болып танытты. Ал 1994 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінен ТМД елдері басшылары арасындағы шетелдік халықаралық радиоға арналған алғашқы көлемді сұхбаттардың бірін алды.
Журналистік және сарапшылық қызметімен қатар, Саясат Бейісбаев публицистика мен философия тақырыптарына да қалам тартып келеді. Оның «Сана сәулесі», «Жан әлемі», «Бір жұтым ауа» және басқа да кітаптары жарық көрген.
Институт ұжымы Саясат Бейісбаевты лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тілейді!