Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жаңа Конституцияның преамбулы бірлік пен сабақтастық негіздерін айқындайды
07.02.2026
Көріністер:  265

Жаңа Конституцияның преамбулы бірлік пен сабақтастық негіздерін айқындайды

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті. Іс-шараны Философия, саясаттану және дінтану институты (ФСДИ) ұйымдастырды. Талқылау жаңа Конституция жобасын жан-жақты талдау, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Конституциялық комиссия мүшелері арасында пікір алмасу, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және бағалау тәсілдерін айқындау алаңы болды.

Талқылау негізгі заңның құндылық негіздеріне, оның философиялық және гуманитарлық өлшемдеріне, сондай-ақ Конституцияның ел дамуының ұзақ мерзімді бағдары ретіндегі рөліне негізделген.

ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының жетекшісі Серік Нұрмұратов прeамбуланың жүйе құрушы функциясын атқаратынын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның прeамбуласы декларация емес, конституциялық тәртіптің онтологиялық шеңбері болып табылады. Онда тарихи сабақтастық, біртұтастық және халықтың бірлігі сияқты негізгі категориялар бекітілген, олар мемлекеттің құндылықтық негізін қалыптастырады».

Оның сөзінше, прeамбула барлық кейінгі нормаларды түсіндіру логикасын белгілейді. «Прeамбула арқылы Конституция мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаларын сақтаумен қатар, оларды қазіргі әлеуметтік сын-қатерлерге сәйкес қайта ойластыру арасындағы тепе-теңдікті белгілейді».

Өз кезегінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжан прeамбула мен Конституцияның құндылықтық нормаларының гуманитарлық маңыздылығын атап өтті.

«Прeамбула мен Конституцияның құндылықтық нормалары мемлекеттің мәдени және тілдік саясатының шеңберін анықтайды. Солар арқылы қоғамдық бірлік, ұлттық бірегейлік және даму сабақтастығын түсіну қалыптасады».

Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар тұрақтылық пен жаңару арасындағы нормативтік теңгерімді іздеу жаңа Конституцияны қоғамдық дамудың тұрақты құралы және ел үшін ұзақ мерзімді бағдар ететінін атап өтті.


← Тізімге қайту