«ГЕРМАН ИДЕАЛИЗМІНІҢ АДАМГЕРШІЛІКТІК МӘНІ» МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
16.09.2026
Көріністер: 25
Философия, саясаттану және дінтану институтында қазақстандық философ, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Қадырұлы Сейтахметовтің «Нравственный смысл германского идеализма» атты монографиясының қазақ тіліне аударылған «Герман идеализмінің адамгершіліктік мәні» атты нұсқасының тұсаукесері өтті.
Монографияны Институттың бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова таныстырды. Тұсаукесер барысында еңбектің негізгі мазмұны мен ғылыми маңызы, сондай-ақ Нұрлан Сейтахметовтің ғылыми мұрасы таныстырылды.
Нұрлан Сейтахметов немістің классикалық философиясы саласының маманы болды. Оның ғылыми мұрасында философия және адамгершілік мәселелеріне арналған зерттеулер маңызды орын алады.
Іс-шара барысында монографияның негізгі идеялары, адамгершілік философиясының мәселелері және Нұрлан Сейтахметовтің ғылыми мұрасының отандық философиялық ой үшін маңызы талқыланды.
Сондай-ақ монографияны қазақ тіліне аударып, басылымға дайындауға Институттың жетекші ғылыми қызметкері Күлсия Қоңырбаеваның қосқан үлесін атап өткен жөн.
Монографияның қазақ тілінде жарық көруі ғалымның ғылыми мұрасын қазақтілді аудиторияға таныстыруға және оның зерттеулеріне қазіргі философиялық дискурста қосымша назар аударуға мүмкіндік береді.