Қасабекова Е.Қ. - Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану орталығының ғылыми қызметкері
Дүниежүзіндегі алмағайып жағдайларға қарамастан Рим папасының Қазақстанға келуі еліміз үшін үлкен мәртебе. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, соңғы саяси және экономикалық жағдайлар кезеңінде қазақстандық болу мен қазақ болудың ұят емес екенін қазақстандық пен қазақ болудың сәнге айналғанын елдегі болып жатқан өзгерістер мен оқиғалар дәлелдеді. Екіншіден, дүниежүзілік сахнадағы Орталық Азияның соның ішінде біздің еліміздің стратегиялық маңыздылығы және жалпы абыройының артуы. Үшіншіден, елдегі католиктер саны аз болуына қарамастан Рим папасының елге келуі. Төртіншіден, нағыз қазақ қазақ емес домбыра демекші, әңгіменің сарынын домбырадан бастауында да елдің ұлттық дәстүрі мен танымына деген құрмет деп қабылдауға болады.
Біздің еліміздің, кең байтақ жеріміздің, көпұлтты, көпконфессиялы халқымыздың мерейі халықаралық сахнада артып, өсіп-өркендеуі қазақ деген дархан мінезді халықтың кеңшілгі мен көпшілдігінің арқасы деп айтуға болады. Ұзын сөздің қысқасы, елдегі соңғы оң өзгерістер Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімге рух бергендей болады.