Ағымды жылдың 7 қыркүйегінде Алматы қаласында "Белдеу мен жолдың 10 жылдығы: қорытындылар мен перспективалар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жұмысына дипломаттармен, қытай бизнесінің және қазақстандық қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен қатар ҚР ҚМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Рүстем Мұстафин қатысты, ол өз сөзінде екі ел арасындағы ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан маңыздылығына назар аударды.
"Бір белдеу, бір жол" бастамасы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және инфрақұрылымдық байланыстарды дамытудың қуатты тетігіне айналды. Ғылым және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық осы бастаманың қозғаушы күші болуға тиіс, өйткені халықаралық қатынастарды дамытудың келесі кезеңі жоғары технологиялық үстемдік үшін күрес төңірегінде қалыптасатын болады.
Сілтеме бойынша мақаланың түпнұсқа мазмұны: https://www.instagram.com/p/Cw7RiYPpFrQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==