Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ САРАПШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
19.11.2026
Көріністер:  6

ФСДИ САРАПШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында «Алматы декларациясы: диалог, ынтымақтастық және тату көршіліктің 35 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. КИСИ при Президенте РК, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

ФСДИ бас директоры Айгүл Садвокасова Алматы декларациясының тарихи маңызы мен мемлекетаралық қатынастардың жаңа моделінің қалыптасуына арналған бірінші сессияның модераторы болды.

Институттың бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов жаһандық және өңірлік фрагментация жағдайында экономикалық байланыстарды нығайту перспективалары туралы баяндама жасады.

Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмребаев та сессиялардың бірінде баяндама ұсынды.

Сонымен қатар конференция жұмысына Институттың басқа да қызметкерлері қатысып, мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға атсалысты.


← Тізімге қайту