Рухани дамудың маңызы. Адам болмысының екі қыры бар екені ғылымда ежелден белгілі- біреуі табиғи қажеттіліктеріміз болса, екіншісі - рухани сипатымыз. Адамның мәндік келбетін танытатын нәрсе осы

11.11.2020



Рухани дамудың маңызы.
Адам болмысының екі қыры бар екені ғылымда ежелден белгілі- біреуі табиғи қажеттіліктеріміз болса, екіншісі - рухани сипатымыз. Адамның мәндік келбетін танытатын нәрсе осы екінші қыры, яғни руханилығымыз және соны қамтамасыз ететін рухани даму заңдылығы. Бірінші қырының ерекшіліктері бізді табиғат әлемімен үйлесімді болуға, тіршіліктің қатал да тұрақты заңдылықтарын мойындауға шақырса, екінші жағы тек адамға қатысты рухтың нәзік әлемін өрбітумен тікелей байланысты. Табиғи инстинктің, қажеттіліктердің сұраныстарын қанағаттандырумен айналысуда белгілі бір шектеулер болу керек, өйткені ол адамдағы пендешілік негіздегі өзімшілдікті күшейтеді. Қоғамдағы барлық теріс әрекеттерге барған адамдардың барлығының негізінен бір ғана осал жері бар. Ол - пенденің өмірде адами рухани даму жолда болмауы, табиғи инстинктің қақпанына толықтай түсуі. Қоғамдағы агрессияның, соғыстардың, жемқорлықтың, барлық қылмыстардың қайнар көзі рухани кембеғалдықта жатыр, тіпті, білімді азаматтың өзі рухани дамусыз көптеген дипломы бола тұрып, тек атақ пен байлыққа қол жеткізуді ойласа, онда ол өзімшілдіктің құрсауына түсіп қалды деген сөз. Рухани даму адам үшін ауадай қажет құбылыс және ол қасиет ретінде бала кезден тәрбиеленуге тиісті рухани бағдар, іргетас. Дүниеде ешнәрсе кездейсоқ болмайды. Өзінен гөрі өзгенің мүддесін ескеріп, үнемі әділеттілік тұрғысынан мәселелерді шешуге тырысу жеке адам үшін рухани дамудың алғашқы баспалдағын басумен бірдей. Рухани даму жолында болу бір сәттік қана әрекет емес. Ол адами рухани ерлік жолында болу. Өмірдің өзі майдан болатын болса, осы күрес алаңында өзімшілдік деген іштен салатын құбылысты жеңіп отыру. Міне осы қиын да игілікті жолда табыстар тілеймін, ағайын! Қалған игіліктің барлығы пендеге рет-ретімен өзі-ақ келе береді. Тек ол үшін қоршаған адами әлемге шынайылықпен дарыныңызды, жасампаз үміт пен жүректің жылуын сыйлауыңыз керек! Серик Нурмуратов 6 ноября, 10:27

Другие новости

news-1

Глава государства принял Премьер-министра Грузии Ираклия Гарибашвили

Приветствуя Ираклия Гарибашвили, Касым-Жомарт Токаев отметил поступательное развитие двустороннего сотрудничества, а также важность объединения совместных усилий.

27 июля 2022