Бүгін Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылық алаң өтуде.
21.02.2026
Көріністер: 139
Бүгін Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылық алаң өтуде. Іс-шара жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, сондай-ақ онымен байланысты институционалдық, құқықтық және саяси аспектілерді ашық әрі мазмұнды талқылау форматында ұйымдастырылған.
Философия, саясаттану және дінтану институты атынан алаңда бас директор Айгүл Садвокасова (панельдік сессияның негізгі спикерлерінің бірі), Стратегиялық даму жөніндегі бас директордың орынбасары Ермек Тоқтаров және Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмребаев қатысуда.
Жиын Конституция жобасының ережелерін жан-жақты зерделеу және мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайту тұрғысынан сарапшылық диалог алаңы болып табылады.