2023 жылғы 1 қараша сәрсенбі күні Философия, саясаттану және дінтану институты ұжымының жоспарлы жалпы жиналысы болып өтті.
Институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдуманов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 20 қазандағы жалпы жиналысында алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың қорытындысы бойынша ақпарат берді. Содан кейін С.Т. Сейдуманов әріптестерін Философия, саясаттану және дінтану институтының ағымдағы жоспарларын белгілеп, алдағы болашақта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын одан жүзеге асыру барысына тоқталды.
Жиналыс барысында ФСДИ Бас директорының орынбасары Ш.Е. Жаманбалаева мен ФСДИ Философия орталығының директоры С.Е. Нұрмұратовтың ақпараттық хабарламалары тыңдалды.
Жиналыс шеңберінде Философия, саясаттану және дінтану институтының он үш ғылыми қызметкеріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, олар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі және мінсіз қызметі үшін ведомстволық мемлекеттік наградаларға ие болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрі С.Нұрбектің тапсырмасы бойынша ФСДИ Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдуманов марапаттарды табыстады.
Атап айтқанда "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілері Шағырбай А.Д. және Н.И. Айтымбетовке және "Құрмет грамотасы" Ш.Е. Жаманбалаева, Р.С. Сартаева, С.Е. Нұрмұратов, Ю.О. Булуктаевтарға табысталды. Ал "Алғыс хат" Ү.М. Нысанбекке, Г.Ғ. Барлыбаеваға, М.С. Шайкемелевке, Г.И. Нүсіповаға, Г.Б. Исербаеваға, Ж.М. Естаевқа және А. Алтайқызына табысталды.
ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы