Ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мәселелеріне арналған дәріс өтті
05.06.2026
Көріністер: 52
Философия, саясаттану және дінтану институтында Герда Хенкель қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында «Ұлттық бірегейліктің қалыптасуы және құралға айналдырылуы (ұйғырлар мысалында) тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті Регенсбург университетінің ғылыми қызметкері, dr. Siarhei Bohdan оқыды.
Өз баяндамасында лектор ұлттық бірегейлікті зерттеудің негізгі тәсілдерін, оның қалыптасуы мен трансформациясының ерекшеліктерін, сондай-ақ бірегейлікті саяси және әлеуметтік тұрғыдан құрастыру тетіктерін қарастырды. Ұйғыр қауымдастығының мысалында ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына әсер ететін тарихи және заманауи факторлар талданды.
Дәріс барысында қазіргі қоғамдық-саяси үдерістерде бірегейлікті пайдалану мәселелері, сондай-ақ этникалық және ұлттық қауымдастықтарды зерттеудің түрлі ғылыми тәсілдері сөз болды.
Дәрістен кейін қатысушылар ұсынылған тұжырымдамалар бойынша пікір алмасып, қарастырылған тақырып аясында талқылау жүргізіп, лекторға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.