Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жаңа экономикалық үлгіге көшудің жолдары
03.09.2023
Көріністер:  605

Жаңа экономикалық үлгіге көшудің жолдары

 

Қоңырбаева Күлсия Мағражқызы

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауын Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жариялады. Жолдау «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталады. Мемлекет басшысы дамыған ел болу үшін тек саяси реформалармен шектелмей, оны әлеуметтік-экономикалық реформалармен ұштастырудың қажеттілігін баса көрсетті. Мемлекет басшысы жаһандық экономика мен халықаралық еңбек нарығының өзгеруі барысында жаңа экономикалық үлгіге көшудің жолдарын ұсынды. Ол үшін ең бастысы халықтың әл-ахуалын жақсартуды басты мақсат ету керек. Экономикалық бағдарлардың басты ұстанымдары әділдік, ысырапшылдыққа жол бермеу, үнемшілдік қазіргі кездегі қаперімізден тыс қалып жатқан өзекті ұғымдар.

Жолдаудағы еліміздегі туризм саласы туралы айтылған жоспарлы ойлар халықты жұмыспен қамтып, табыс көзіне айналдыруда оңтайлы салалардың бірі. Қазіргі кезде туризм бизнестің ең табысты көздерінің бірі. Біздің еліміз әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілеріне, алуан түрлі табиғи ғажайып ортаға ие. Ендеше Қазақстанның туристік әлеуетін әлемге таныту үшін елімізде шикізат та, жұмыс күші де жеткілікті. Туризмді дамыту экономиканы өркендетер тетіктердің бірі болар еді

Еліміздің болашағы жастар. Жеткіншектерге сапалы білім беру. Сол үшін елімізде интернет жылдамдығы мен жоғары білім берудегі цифрлы ресурстардың тегін және қолжетімді болуы мәселесі, сонымен қатар мемлекет тарапынан ұсынылған «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі мен «Ұлттық қор - балаларға» жобасы білім сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сапалы білім берудің сапалы азамат, жаңа сападағы ұлт қалыптастыруда атқарар рөлі зор. Мемлекет басшысы Жолдауын Абайдың «Толық адам» ілімінің «адал азамат» тұжырымдамасын әділетті Қазақстанды орнықтырудағы басты бағдар шам ретінде ұсынады.

 


← Тізімге қайту