ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ

17.04.2023

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ

 

2023 жылғы 14 сәуір жұма күні ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдуманов Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағы Бас Ассамблеясының (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Татарстан, Башқұртстан) алтыншы отырысына қатысты.

Отырыс барысында Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағының басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, өз ұйымдарының алдағы жоспарлары туралы хабарлады.

Талқылау аясында түркі мемлекеттері мен республикаларында ғылымның қазіргі жай-күйі туралы пікір алмасу және талқылау өтті. Атап айтқанда, тараптар ғылымды қолдау шараларына қатысты тәжірибе алмасып, түркі елдерінің ғылым саласындағы неғұрлым перспективалы бағыттарын талқылауды ұйымдастырды.

Түркі әлемінің ғылыми саласындағы интеграциялық процестерді дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды және осы мақсатта жетекші мамандардың жалпы тізімін қалыптастыру, сондай-ақ іске асыруға дайын ғылыми жобаларды ұсыну мүмкіндіктері айқындалды. Сонымен қатар, деректер және тың идеялармен алмасуды жеңілдету мақсатында ғылыми жұмыстар мен диссертациялардың цифрлық базаларына өзара тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ғылыми журналдар үшін жалпы халықаралық индексті құру процесінің ұйымдастырушылық негіздері талқыланды.

Аталған халықаралық іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған "Ғылым апталығын" мерекелеу аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтті.

Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағы Бас Ассамблеясының келесі отырысы Татарстан Республикасының астанасы-Қазан қаласында өтеді.

  

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы