Taldau Forum 2025
09.10.2025
Көріністер: 1141
Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен алғашқы TALDAU Forum өтті. Бұл іс-шара Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші ойшылдарды, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, бизнесмендер мен зерттеушілерді біріктірді.
Форумға Философия, саясаттану және дінтану институты атынан Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі Рүстем Мұстафин қатысты.
Форумның жоғары интеллектуалдық деңгейін Массачусетс технологиялық институтының профессоры, әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін экономистердің бірі, әйгілі «Why Nations Fail» («Неліктен кей елдер бай, ал басқалары кедей?») атты кітаптың авторы Дарон Аджемоглуның қатысуы дәлелдейді. Оның «Why Nations Prosper: Lessons for Central Asia» атты дәрісі күннің басты оқиғасына айналып, институттардың рөліне, әділдік пен инклюзивтілікке негізделген тұрақты дамуға арналған пікірталастардың теориялық негізін қалады.
Форум жұмысына сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, белгілі кәсіпкер және меценат Тимур Турлов, Meta компаниясының өкілдері, мемлекеттік органдардың, жетекші талдау орталықтарының, университеттер мен БАҚ-тың сарапшылары, сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлық құқық және деректерді басқару салаларында инновациялық жобаларды жүзеге асырып жүрген мамандар қатысты.
TALDAU Forum тек пікір алмасу алаңы ғана емес, жаңа дәуірдің нағыз интеллектуалдық манифесіне айналды. Білім, аналитикалық әлеует және цифрлық үдерістердің гуманитарлық тұрғыда түсіндірілуі ұлттық дамудың басты ресурстарының бірі болып отырған қазіргі кезеңде, ФСДИ өз миссиясын жалғастыруда.
✔️Институт цифрлық қоғамның гуманистік және этикалық негіздерін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Технологиялардың адамды, ойлау жүйесін және әлеуметтік құрылымдарды қалай өзгертетінін зерттей отырып, ФСДИ бұл өзгерістердің мәнін терең түсінуге және іргелі гуманистік құндылықтарды сақтап қалудың ғылыми жолдарын табуға ұмтылады.