Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
13.11.2026
Көріністер:  42

«ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
Ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында ФСДИ аға ғылыми қызметкері Айжан Молдағалиева Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне ғылыми сапармен барды.

Сапар барысында А.Молдағалиева студенттерге «Цифрлық дәуір: жастар құндылықтары және қоғамдық қатынастардың трансформациясы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрісте әлеуметтік желілер мен интернет-коммуникациялардың жастардың құндылық бағдарларын қалыптастыруға, қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, азаматтық белсенділікке және әлеуметтік-саяси үдерістерді қабылдауға ықпалы қарастырылды. Сонымен қатар студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында пікір алмасты.

Дәріспен қатар университеттің инфрақұрылымымен, білім беру және ғылыми ортасымен танысу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, кітапхана жұмысы және қолжетімді ақпараттық ресурстармен танысуға мүмкіндік болды.

Сапар Институттың ғылыми бағыттарын таныстыруға, өңірдің академиялық ортасымен жақынырақ танысуға және университет өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.


← Тізімге қайту