Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Цифрлық Жібек Жолы: Қытай мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер
18.12.2023
Көріністер:  779

Цифрлық Жібек Жолы:  Қытай мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер

Цифрлық Жібек Жолы:

Қытай мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер

 

2023 жылғы 18 желтоқсан дүйсенбіде Философия, саясаттану және дінтану институтының (ФСДИ) Бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының (ҚР ҰҒА) Бірінші Вице-Президенті - С.Т. Сейдуманов бастаған құрамында қазақстандық ғылыми делегацияның ғалымдары А.М. Әміребаев – ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры, Ү.М. Нысанбек – ФСДИ Бас директордың орынбасары, "Цифрлық Жібек жолы: Қытай мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер" атты халықаралық конференциясына қатысты.

Халықаралық конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлей отырып, С.Т. Сейдуманов екі елдің ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстардың өсіп келе жатқан динамикасы мен мазмұнды дискурсын атап өтті. Ол цифрлық және зияткерлік өзара іс-қимылдың жаңа моделін құру жөніндегі қазақстан-қытай бастамасын іске асыру шеңберінде әріптестік үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын "Цифрлық Жібек жолы" жаһандық жобасын табысты іске асыру бойынша белгіленген мақсаттарды іске асыруға сенім білдірді.

       Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы (ҚХР) Президентінің орынбасары Ван Чжен мырза С.Т. Сейдуманов бастаған делегацияға сапары үшін алғысын білдіріп, Қытай мен Қазақстан экономикаларының инновациялық дамуындағы жобаларды алдағы ауқымды іске асыру үдерістеріндегі ғалымдардың маңызды рөлі туралы пікірін жеткізді. Ван Чжен "Бір белдеу, бір жол" бастамасының жаңа онжылдығында Қытай мен Қазақстан әртүрлі халықтардың тарихи тағдырлары қауымдастығының тұжырымдамасы негізінде ортақ табысқа жетуге толық жәрдемдесу үшін ортақ күш-жігерді жалғастыратынын атап өтті.

"Цифрлық Жібек жолы: Қытай мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер" атты Халықаралық конференциясының ұйымдастырушысы Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы (ҚХР) болды.

 

 

ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастырушылық жұмысы

орталығы


← Тізімге қайту