ФСДИ ғалымдары Тәжікстанда: жаңа кездесулер мен идеялар
18.09.2025
Көріністер: 259
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары – бас ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Наталья Сейтахметова және жетекші ғылыми қызметкер, PhD Лаура Тоқтарбекова шетелдік іссапар аясында Орталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналатын Тәжікстан Ұлттық кітапханасының қорымен танысты. Кітапхана қоры көне қолжазбаларға, сирек карталарға, заманауи және электронды дереккөздерге бай.
Сапар барысында сондай-ақ Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуман ибн Сабит атындағы Тәжікстан Ислам институтының ректоры Зокирзода Нусратулло Меликпен кездесу өтті.
Тараптар ғылыми ынтымақтастық пен академиялық алмасудың болашағы туралы пікір алмасты.