Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
02.06.2026
Көріністер:  118

ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай отандық ғылымды дамытуға, ғылыми кадрлар даярлауға және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.

Философия, саясаттану және дінтану институтынан бас ғылыми қызметкерлер Серік Сейдуманов, Зарема Шәукенова және Наталья Сейтахметова жоғары марапатқа ие болды. Олардың көпжылдық еңбегі, ғылыми жетістіктері және белсенді зерттеу қызметі республикалық деңгейде лайықты бағаланды.

Институт ұжымы әріптестерін осы құрметті марапатпен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен кәсіби жетістіктер тілейді.


← Тізімге қайту