Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институтында YouScan аналитикалық платформасымен жұмыс істеуге арналған оқыту семинары өтті.
21.07.2026
Көріністер:  2

Философия, саясаттану және дінтану институтында YouScan аналитикалық платформасымен жұмыс істеуге арналған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында қызметкерлер платформаның негізгі мүмкіндіктерін тәжірибелік тұрғыда меңгеріп, әлеуметтік желілер мен ашық ақпарат көздеріндегі деректерді мониторингтеу және талдау құралдарымен танысты, сондай-ақ ақпаратты өңдеу мен интерпретациялау әдістерін игерді. Оқыту барысында платформаны ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық пікірді талдау, әлеуметтік үрдістерді зерттеу және ақпараттық кеңістікті мониторингтеу бағыттарындағы тәжірибелік тәсілдер қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлер платформамен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгеріп, YouScan мүмкіндіктерін Институттың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда, деректерді кешенді талдау мен аналитикалық материалдар дайындауда тиімді қолдануға дайын.


← Тізімге қайту